Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сенат Қазақстан және АҚШ Үкіметтері арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялады

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 11:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенаты депутаттары Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» заңды сенаторлар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев таныстырды.

«Жоба Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы ҚР заңының 5-бабының 2) тармағына сәйкес әзірленді. Келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан мен АҚШ арасында, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын ілгерілету үшін, қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру. Халықаралық авиация ұйымының әуе қатынасын ырықтандыру жөніндегі сұрақтарына және Америка тарапының ұсыныстарына сәйкес, келісім шеңберінде тараптардың әуе компанияларының, пунктер мен рейстер саны, оның ішінде жолаушылар тасымалы үшін әуе еркіндігін бесінші деңгеймен шектеусіз ұша алады», -деді ведомство басшысы.

Айтуынша, бұл – ел тарихында алғашқы ашық аспан.

«Яғни, кез келген қазақстандық әуе компаниясы үшінші елдерге елдердің жолаушыларын әкеліп және жеткізу құқығымен Қазақстанның кез келген қаласына АҚШ-тың кез келген қаласына рейстер бойынша шексіз санмен жолаушылар тасымалын, сондай-ақ АҚШ пунктері мен АҚШ-тан тыс кез келген пунктер арасында жүк тасымалын орындай алады», - деп түсіндірді министр.

Сенаторлар аталмыш заңды қарай келе, бірауыздан қабылдады.

«Бүгін қаралған Келісім Америка Құрама Штаттарымен тікелей әуе қатынасын ашуға бағытталған. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды арттыруға, мемлекетіміздегі халықаралық авиарейстер санын көбейтуге мүмкіндік береді», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Ұшақ, Заң,
Жоғары қарай