Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенат баж сомасын бөлудің жаңа нормативтерін бекітетін ЕАЭО хаттамасын мақұлдады

2020 жылдың 15 қазан 2020 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаторлар 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу, жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасы бұған дейін Парламент Мәжілісінде мақұлданған болатын.

«Хаттама 2019 жылы 1 қазанда Ереванда жасалды. Хаттамада кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекіту көзделеді. Нормативтердің мөлшері мүше бес мемлекет үшін айқындалған. Бұл ретте Қазақстан үшін норматив 6,955% болып табылады. Аталған нормативтер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында кедендік әкелу баждарын бөлуге мөлшерлес тәсілді қамтамасыз етуге арналған», - деді заң жобасын сенаторларға таныстырған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Сондай-ақ, Хаттамада мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бірлескен бақылау іс-шаралары шеңберінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының осы Хаттаманың ережелерін сақтауын жыл сайын тексеретіні айқындалған.

««Халықаралық шарттар туралы» заңға сәйкес осы Хаттама ратификациялауға жатады. Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды», - деді ол.

Заң жобасы біршама талқыланып, депутаттардың берген дауысынан кейін құжат қабылданды.


Жоғары қарай