Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейліктердің жылуға қарызы 375 млн теңгеге жетті

2021 жылдың 3 тамыз 2021 22:09

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласы тұрғындарының жылуға қарызы 375 млн теңгеге жетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда шаһар тұрғындарының жылуға қарызы 375 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде 250 млн-нан астамы жеке тұлғаларға, ал 124 млн-ы заңды тұлғаларға тиесілі. Енді қарызын өтемеген борышкерлер жылумен қамтамасыз етілмейтін болады.

«Жүз мың теңгеден астам қарызы бар абоненттерді өшіреміз. Берешегі жүз мыңнан аз тұрғындармен сот орындаушылары айналысады. Жылыту маусымының соңында төлем жөнінде хабарлама жіберілген соң, оған бір-екі ай көлемінде уақыт беріледі. Алайда азаматтар бұл ескертуді мүлде елемейді. Сондықтан төлемегендер жылудан ажыратылады. Бұл келісім-шартта көрсетілген», – дейді Семей қалалық жылу инспекциясы басшысының орынбасары Ерік Райымжанов.

Оның айтуынша, жылуды қайта қостыру үшін абонент 70 мың теңгеге шығындалады. Заңды тұлғалар үшін қайта қосылу бағасы бұдан да қымбат.





Жоғары қарай