Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейлік полицейлер жоғалған 9 жасар баланы автобустан тапты

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 16:08

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен баланы автобустан тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 қыркүйек күні сағат 15.51-де 102 арнасына қоңырау шалған Холодный ключ кентінің тұрғыны бір күн бұрын үйден шығып кеткен 9 жасар ұлының із-түссіз жоғалғанын айтқан.

Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары куәгерлер арқылы жоғалған баланың сипаттамасына сәйкес келетін жеткіншектің №39 автобусқа отырғанын анықтады.

Полицейлер бірден Бобровка кентіне қарай бағыт алған қоғамдық көлікке тексеру жүргізуге аттанған.

«Автобус «Калинка» аялдамасына тоқтаған кезде жоғалған бала қоғамдық көліктен түсіп бара жатты. Құқық қорғау органының қызметкерлерін көрген ол қаша жөнелген. Сақшылар жылдам қимылдап, баланы ұстап алды да, шошытып алмас үшін онымен сөйлесіп, көлікке отырғызған. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етпегенде, жеткіншекті іздестіру ұзаққа созылуы мүмкін еді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта Әлішер анасына аман-есен табысталды. Әйел адам өз кезегінде сөйлей алмайтын, адасып кетуге бейім ұлын іздеуде жедел әрекет еткен полицейлерге алғысын білдірді.


Жоғары қарай