Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде жер үйде өрт шығып, 1 адам қаза тапты

2021 жылдың 23 тамыз 2021 18:31

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жеке тұрғын үйде өрт шығып, 1 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 тамызда Восточный саяжай массивінде орналасқан жер үйде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жетті.

«Үйдің қабырғаларын, еденді, төбе жабынының ағаш құрылымдарын, жиһаз бен жеке заттарды жалын шарпыған. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады. Барлау барысында төргі бөлмеде еденнен әйелдің мәйіті табылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылар келіп жеткенге дейін 7 адам, оның ішінде 2 бала үйден өз беттерімен шығып үлгерген. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – электр жабдықтарын орнату және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы немесе темекі шегу кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін.


Жоғары қарай