Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде жатақханада өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды

2020 жылдың 13 тамыз 2020 12:26

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жатақханада өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 тамыз күні кешке өрт сөндіру бөліміне бесқабатты жатақхананың үшінші қабатындағы балкон өртеніп жатқаны туралы хабарланды.




«Балкондағы түтінді көрген бірінші қабаттың тұрғыны бірден 101-ге қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер лезде оқиға орнына аттанды. Жеке заттарды, жиһазды, терезе мен есікті шарпыған тілсіз жаудың жалпы аумағы 5 шаршы метрге жеткен», - делінген ведомство мәліметінде.

Өрт сөндірушілер үй иесінің ұлын сыртқа алып шықты. Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында жатақханадан 75 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25 бала бар. Қызыл жалынның шығу себебі – мас күйде темекі шегуден немесе отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.









Жоғары қарай