Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде ядролық сынақтардың құрбандарын еске алу үшін бейбіт шеру ұйымдастырылды

2021 жылдың 29 тамыз 2021 20:23

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында ядролық сынақтардың құрбандарын еске алу үшін бейбіт шеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Бұл 1949 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан СССР кезіндегі ең ірі полигондардың бірі болған. Мұнда 1989 жылға дейін 468 сынақ жасалған. Соңғы жарылыс 1989 жылы 19 тамызда болды.




Бүгін Семей қаласында «Өлімнен де күшті» монументінде бейбіт шеру ұйымдастырылды. Онда жиналған жұртшылық монументке гүл шоқтарын қойып, Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған жарылыстан қаза тапқандар мен ядролық полигонның құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Шараға қатысқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов полигонды жабу туралы шешім – Елбасы жасаған теңдессіз қадам болғанын және жаңа дәуір – «Бейбіт атом» дәуірі басталғанын айтты.

«Бұл тәуелсіздігіміздің қалыптасу кезеңінің басындағы маңызды шешім болды. Полигон аумағында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға мүмкіндік мол. Сондықтан онда тиісті жұмыстар жалғасады», - деді аймақ басшысы.




Оөз сөзінде ол бүгінде жабық полигон базасында жұмыс істейтін Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта мүлдем басқа сипаттағы зерттеулер жүргізіліп жатқанын, ондағы ғалымдар бірқатар игі жобаларды іске асырғанын атап өтті.

















Жоғары қарай