Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде суға батып бара жатқан адам құтқарылды

2021 жылдың 27 сәуір 2021 21:26

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының екі тұрғыны суға батып бара жатқан адамды ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 сәуірде бұрынғы Понтон көпірі аумағында ойнап жүрген балалар ер адамның суға құлап кеткенін көріп қалған. Олар лезде бұл туралы жақын маңдағы жігіттерге айтты.

«22 жастағы Әбілмансұр Төлеуғали мен оның досы Мерей Маутбеков ойланбастан оқиға орнына жеткен. Ағынмен келе жатқан адамды көрген екеуі жағалау бойымен жүгірді. Содан кейін Әбілмансұр суға секіріп, ер адамды алып шықты. Ал Мерей болса жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін ес-түссіз жатқан зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуге тырысқан», - делінген хабарламада.

Көп ұзамай оқиға орнына жеткен дәрігерлер шаһар тұрғынын медициналық мекемеге жеткізді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.





Жоғары қарай