Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Семейде өрт шыққан көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 12:25

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өрт шыққан көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін түн ортасында Семейдегі көпқабатты үйде өрт шықты. Құтқарушылар хабар түскен соң 4 минутта оқиға орнына келіп жеткен. Үйдің 4 және 9 қабат арасындағы электр сымдары жанған. Осының салдарынан подъез ішін көк түтін басты.

«Өрт сөндірушілер барлық пәтерлердің есігін қағып, тұрғындарды оятты. Түтінге түншыққандар бірден таза ауаға шығарылды. Үйдің жоғарғы қабаттарынан 17 адам, оның ішінде 7 бала құтқарылды. Төменгі қабаттардан 40 адам эвакуацияланды. Азаматтар «Вахта» автокөлігіне орналастырылды», - делінген ақпаратта.




Түнгі сағат 2-ге таман қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану немесе электр жабдығының апаттық режимі себеп болуы мүмкін. Тілсіз жауды өшіруге 25 адам мен 6 техника жұмылдырылды.


Жоғары қарай