Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Семейде өрт шыққан көпқабатты үйден 10-ға жуық адам эвакуацияланды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 08:58

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өрт шыққан көпқабатты үйден 10-ға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт кеше сағат 23.58-де Семейдегі Засядко көшесіндегі көпқабатты үйде шыққан. Белгілі болғандай, 10 қабатты үйдің подъезінде қоқыс өртенген.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Подъезді көк түтін тұмшалағандықтан 9 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды. Орал Вахта көлігіне орналастырылған. Содан кейін жалпы ауданы 4 шаршы метрге жеткен қызыл жалын сөндірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді.








Жоғары қарай