Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде мемқызметкер карантин талаптарын бұзған дүкен иелерінен пара алған

2020 жылдың 23 қазан 2020 20:15

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында карантин талаптарын сақтамаған дүкен иелерінен пара алған мемлекеттік қызметкер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық №2 сотта тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды. Анықталғандай, ол өзінің қызметтік лауазымын пайдалана отырып 2020 жылдың 13 және 19 мамыр күндері дүкендерге өз бетімен тексеру жүргізген.

«Кәсіп иелеріне санитарлық нормалардың бұзылғанын айтқан мемлекеттік қызметкер әкімшілік хаттама толтырмау үшін Б. есімді азаматтан 12000 теңге, Х-дан 10000 теңге және И-дан 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды. Барлық айғақтарды зерттеген сот күдіктінің күнәсі дәлелденді деп шешті», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Семей қаласының прокуроры мен айыпталушы арасында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалған. Сот үкімімен 320 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған сотталушы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Жоғары қарай