Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Семейде көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

2020 жылдың 10 наурыз 2020 17:14

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында су тасқынының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар талқыға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға ШҚО прокуроры Құсайын Игембаев, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, ТЖД, «Қазгидромет» және «Ертіс бассейні инспекциясы» РМК өкілдері қатысты. Шара барысында су тасқынына орай бірлескен іс қимылдар дайындығы сөз болды.

«Осыдан екі жыл бұрынғы қателіктің қайталануына жол бермеуіміз керек. Ол кезде тасқынның салдарынан мыңдаған үйлер бұзылып, үш мыңнан астам адам эвакуцияланған. Прокуратура қылмыстық іс қозғап, кінәлілер жауапқа тартылған болатын»,- деді Құсайын Игембаев.





Қала әкімі Ермак Сәлімовтың айтуынша, осы жылы су тасқынының алдын алу шараларына 944,5 млн теңге қарастырылған. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде су өткізетін каналдарды ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстауға 46 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Семейдегі осындай каналдардың ұзындығы - 62 шақырым.

«Бүгінгі күні арықтың барлығы тазартылды, жұмыс штаттық режимде жүруде. Жағалауды бекіту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалған. Жоба сараптамаға жіберіліп, тиісті қаражат бөлінді. Бүгінгі күні жеке сектордың 55 көшесінен 300 мың текше метр қар шығарылған. Қалған 5 көшедегі жұмысты наурыздың 20-на дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді шаһар басшысы.


Жоғары қарай