Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Семейде автокөлік өртенді

2020 жылдың 28 маусым 2020 16:52

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейдегі көшелердің бірінде автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

ТЖБ хабарлауынша, бүгін 28 маусымда сағат 10:21-де 101 пультіне Бозтаева көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына келген өрт бөлімінің қызметшілері Volkswagen Passat автокөлігінің қозғалыс кезінде қозғалтқышы, салоны және жүксалғышы өртенгені белгілі болды.

Өртке қауіптілігі жоғары агрегаттармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Зардап шеккендер жоқ, шығын көлемі анықталып жатыр.








Жоғары қарай