Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде автобус жүргізушісі жол бойында тұрған адамды қағып өлтірді

2021 жылдың 29 қазан 2021 16:35

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында автобус қағып кеткен 45 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 28 қазан күні кешкі уақытта болған.

«Семей-Талица» тасжолында келе жатқан «ПАЗ» маркалы автобус жүргізушісі жол бойында тұрған 45 жастағы азаматты қағып кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде мерт болды. Анықталғандай, марқұм мас күйде болмаған.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған», - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Омбы-Майқапшағай» тасжолында көлік аударылып, 3 адам көз жұмғаны хабарланған.


Жоғары қарай