Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде автобус жолаушысы тексерушінің аяғын балтамен жарақаттады

2020 жылдың 22 шілде 2020 20:11

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде автобус жолаушыларының бірі жол жүру ақысын төлемей, оған айыппұл салмақшы болған тексерушіге шабуыл жасаған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Семейде жолаушылардың жол ақысын тексеретін учаскелік полиция мен тексерушілерден құралған мобильді топ жұмыс істейді.

Ведомстводан хабарлағандай, жол ақысын төлемегендерге 2 АЕК немесе 5650 теңге айыппұл салынады. Соңғы екі күнде жүзге жуық билетсіз жолаушы әкімшілік жауапқа тартылды. Статистикаға сәйкес, жол ақысын негізінен зейнеткерлікке шығуға жақын қалған адамдар мен QR-код қолданатын жастар төлемейді. Олар автобусқа отырған соң жол ақысын төлейді, егер тексеруші оны тексермесе өтінішін кері қайтарып, автобус салонынан түсіп қалады. Жол ақысын төлемейтін зейнеткерлер де бар.

Сондай-ақ, билетсіздер қатарында жанжал шығарушылар да кездеседі. Таңертең автобус жолаушыларының бірі жол жүру ақысын төлемей, оған айыппұл салмақшы болған тексерушіге шабуыл жасаған. Жолаушы бақылаушының аяғын балтамен жарақаттаған. Оның жарасын тігуге тура келген. Жолаушы ұсталып, қазір ішкі істер органдарында, тексеру жүріп жатыр.


Жоғары қарай