Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде Әлихан Бөкейхан бейнелеген мурал пайда болды

2021 жылдың 21 тамыз 2021 20:45

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында Әлихан Бөкейхан бейнелеген мурал пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бастамасымен Семей қаласында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бейнелеген мурал пайда болды. Бұл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы аясында жүзеге асып отыр.

«Алаш қайраткерінің бейнесі қаладағы көпқабатты үйлердің біріне көркем мурал түрінде салынды. Үш ай дайындықтан соң жұмыс екі жұмаға созылған. Сонымен қатар университет өз есебінен сол көпқабатты үйдің айналасына жөндеу, абаттандыру, ауласы мен кіреберісті жарықтандыру жұмыстарын жүргізді», - дейді білім ордасының ректоры Шырын Құрманбаева.

Айта кетейік, мурал Шәкәрім даңғылы, 15 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған. Оның авторы – кәсіби суретші Александр Романов.


Жоғары қарай