Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде ағаш өңдеу цехы өртенді

2020 жылдың 24 қараша 2020 15:08

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы ағаш өңдеу цехында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 қарашада сағат 19.10 шамасында Елемесов көшесіндегі ағаш өңдеу цехында өрт шыққан.

«Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Шатырдың ағаш құрылымдарын шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы 120 шаршы метрге жеткен. Сондай-ақ от жиһазға, жеке заттар мен есікке жайылған. Өртті өшіру кезінде құтқарушылар цех ішінен 27 литрлік 2 газ баллонын сыртқа алып шығып үлгерді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

30 минут ішінде тілсіз жау толықтай сөндірілген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отпен абайсыз әрекет ету немесе электр жабдықтарының апаттық режимі себеп болуы мүмкін.


Жоғары қарай