Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде Абайдың 3 поэмасы зағип жандарға арналған қаріппен жарық көрді

2020 жылдың 30 қараша 2020 22:38

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада Брайль қарпімен басылған Абай шығармаларының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, қалалық әкімдіктің қолдауымен арнайы «Duxbery» бағдарламасы сатып алынған. Соның арқасында кітапхана алғашқы кітаптарын Брайль шрифтімен басып шығарды. Бұл Абайдың «Масғұт», «Ескендір» және «Әзім әңгімесі» атты үш поэмасы, сондай-ақ хакім аударған И.Крыловтың мысалдары.





«Біздің кітапханада Абайдың Брайль шрифтімен басылған кітаптары болмаған еді. Осында келген кездерімізде кітапханашылар ұлы ойшылдың туындыларын оқып беретін. Енді қазақтың бас ақынының шығармаларын өз бетімізбен оқи алатынымызға қуаныштымыз», - деді арнайы кітапхананың оқырманы Клара Құсайынова.

Сонымен қатар аудиокітап түрінде жарық көрген Абай шығармалары таныстырылды. Кітапхананың әлі де Брайль қарпіндегі әдебиеттерді мемлекеттік тілде шығаруға мүмкіндігі бар.











Жоғары қарай