Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Семейде «Абай жолы» жаяу жүргіншілер көшесі пайда болады

2020 жылдың 11 тамыз 2020 14:33

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде қыркүйек айында «Абай жолы» жаяу жүргіншілер көшесі пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

«Абайдың 175 жылдығына орай Семейді ауқымды өзгерістер күтуде. Жаңа Арбат ашылып, Абай мен Мұхтар Әуезов алаңдары және орталық саябақ жаңартылады. Кейбір нысандарды Семейге Қазақстан қалалары сыйға беруі жоспарланған болатын. Бірақ екі күн бұрын БАҚ-та Қазақстанның бірқатар облыстары Абайдың мерейтойына орай Семейге көмек көрсетуден бас тартқаны туралы ақпарат пайда болды. Алайда, уәделерінен барлық өңір бас тартқан жоқ», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматы облысы М.Әуезов пен Селевин көшелерінің қиылысынан ет комбинатына дейінгі «Абай жолы» жаяу жүргіншілер аймағын құруға кіріскен. Бүгінде жұмыстың 80% аяқталды. Нысанды тапсыру қыркүйек айында жоспарланған.

«Алматы облысы жұмыстардың барлығын мерзімінде орындайды. Біз «Абай жолы» нысаны орындап жатырмыз. Құжат бойынша жұмыс 18 қыркүйекте аяқталуы тиіс. Осы уақытқа дейін бәрі дайын болады, біз үлгереміз. Жұмыс мамыр айының соңында басталып, бүгінгі күнге дейін жұмыстың 80% бітті», - деді жұмыс өндірісінің жетекшісі Рафаил Хазипов.

«Абай жолы» жобасы – ұзындығы 2 100 метр жаяу жүргінші көшесі. Оған ұзындығы 1 600 метр веложол кіреді, ол теміржол өткелінен басталып, ет комбинатында аяқталады. Сондай-ақ, мұнда күзде мыңға жуық ағаш отырғызылады. Көше бойында Абайдың сөздері жазылған жеті стела орнатылады.

«Тапсыру күніне бәрі дайын болады. Көбінесе жергілікті құрылыс материалдарын қолданып отырмыз. Төселген тастар, шамдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері осы Семейдікі. Жиектас (бордюр) Текелі қаласынан әкелінді, спорт және балалар алаңдары Алматы жасалған. Веложолды «Гордорстрой» кәсіпорны салады. Сонымен қатар, мұнда гүл мен ағаш отырғызылады», - дейді Рафаил Хазипов.

Жалпы бұл жобаға 600 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.


Жоғары қарай