Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде «Абай әлемі» кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті

2020 жылдың 19 қараша 2020 14:06

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Абай әлемі» кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай атындағы кітапханада «Абай әлемі» кітаптар топтамасының онлайн тұсаукесері өтті. Биылғы топтамаға қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 22 кітап еніп отыр. Кітаптар оқырмандарды тек Абайдың шығармаларымен ғана таныстырып қоймай, сонымен қатар оның балаларының және ізбасарларының еңбектерімен де сусындатады.

«Абай әлемі» кітаптар топтамасы осымен үшінші рет жарық көрді. 2020 жыл ұлы ақынның 175 жылдығымен тұспа-тұс келгендіктен осы кітаптар топтамасының жарық көруі айтулы мерекеге арналған. Кез келген оқырман өзіне қызықты әрі пайдалы еңбектерді таба алады», – дейді Абай атындағы кітапхананың бөлім жетекшісі Рахиля Адикаева.





Оның айтуынша, Абайдың 1909 жылы алғаш шыққан кітабы қазақ тіліне аударылған араб графикасында қайта басылды. Сондай-ақ топтамадан хакім отбасының тарихы туралы кітапты да табуға болады.





Жоғары қарай