Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде 5 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

2021 жылдың 23 тамыз 2021 22:44

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында биыл 5 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы онлайн форматта өткен баспасөз брифингі барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мәлім етті. Оның айтуынша, оқушыларды қабылдау сәуір-тамыз айлары аралығында электронды түрде жүргізілді. Биыл бірінші сыныпқа қабылданатын оқушыларының саны – 5100-ге жетіп отыр.

«Бірінші сыныпқа баратын оқушылар үшін «Алғашқы қоңырау» шарасы өткізіліп, әліппелер табысталады. Ал қалған сынып оқушыларына Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған сабақ өтеді. Білім беру мекемелері жаз мезгілінде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Өткен жылдың қыркүйегінен бастап қала мектептері жекелей қаржыландырылған болатын. Білім ордаларының терезелері, кіреберіс есіктері, жылу жүйесі мен шатырлары ауыстырылды», - деді Наталия Фесенко.

Сондай-ақ мектептердің антитеррорлық қорғанысына үлкен назар аударылуда. Бүгінгі таңда барлық мектептер мен балабақшаларға жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылды.


Жоғары қарай