Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде 14 студент уытты баллон иісінен уланып қалды

2021 жылдың 30 қазан 2021 19:50

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 14 студент көз ашытатын өткір иісті баллоннан уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 29 қазан күні сағат 23.30-да болған. Электртехника колледжінің 4 курс студенті абайсызда жатақхана бөлмесіне бұрышты баллонды шашып жіберген. Соның салдарынан 14 студент уланып, көздері қызарып кетті.

Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлері келіп жеткен. Студенттер медициналық мекемеге жеткізілді.

«Аталған факті бойынша Семей қаласы Затон полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.



Жоғары қарай