Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семей тұрғынына бөтеннің көлігін 4 млн теңгеге сатып жіберген елордалық ұсталды

2021 жылдың 23 тамыз 2021 21:58

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғынына бөтеннің көлігін 3 900 000 теңгеге сатып жіберген елордалық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан ер адам алаяқтың арбауына іліккенін жеткізді.

«Анықталғандай, жәбірленуші бейтаныс біреуден 3 900 000 теңгеге Toyota маркалы автокөлікті сатып алған. Алайда көлік мүлде басқа адамның атында болып шықты. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай