Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семей тұрғыны тапшы дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан

2020 жылдың 25 шілде 2020 11:44

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының тұрғыны дәрі-дәрмекті заңсыз әрі бағасын асырып сатумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында тапшы медициналық препараттарды заңсыз сату фактісін анықтады.

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатумен Семей қаласының тұрғыны айналысқан. Ол «Метрид», «Парацетамол» «Аспирин», «Эргоферон», «Новокаин», «Лидокаин» сияқты тапшы препараттарды көтеріңкі бағамен сатпақ болған.

Осы заңбұзушылық бойынша материал айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Дәрілік препараттарды жоғары бағамен заңсыз сату фактілері бойынша комитеттің - 8 (7172) 70-84-78 және департаменттің – 8 (7232) 24-06-05 сенім телефондарына хабарласуға болады.


Жоғары қарай