Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семей тұрғыны арзанға көлік тауып беремін деп қарағандылықтың 4,5 млн теңгесін алдап алған

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 22:56

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны арзанға көлік тауып беремін деп қарағандылықтың 4,5 млн теңгесін алдап алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға 41 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны хабарласқан.

Өз сөзінде ол Семейде белгісіз біреудің сеніміне кіріп, аукцион арқылы арзанға сатылатын көліктер арасынан «Toyota Land Cruiser Prado» және «Toyota Highlander « автокөліктерін тауып беремін деп 4,5 миллион теңге сұрағанын айтты.

Алайда ақша қолына тиген соң байланысқа шықпай, мүлде жоғалып кетті.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні ұстады. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болмаған 33 жастағы семейлік өз кінәсін толық мойындаған. Ол жәбірленушінің ақшасын өзінің жеке қажетіне жұмсап үлгерді», - деді Семей қалалық ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жоғары қарай