Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семей тұрғыны абайсызда 7-қабаттан құлап кетті

2020 жылдың 22 қазан 2020 00:55

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны 7-қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 16.00-де ер адамның биіктен құлағандығы жайлы хабар түскен. 6 минуттан кейін оқиға орнына мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жетті.

Олар 1-қабаттағы сауда нысанының төбесіне құлаған азаматқа көмекке ұмтылған.

«Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп ер адамды зембілге салып, құтқару арқанының көмегімен абайлап жерге түсірді. Жедел жәрдем дәрігерлері оны түрлі жарақатпен қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізді» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша, мас күйінде қонаққа келген ер адам абайсызда терезеден құлап кеткен.





Жоғары қарай