Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семей тұрғыны 16-қабаттан секіріп кетті

2021 жылдың 22 қазан 2021 17:23

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында ер адам 16-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше әлеуметтік желілерде Семей тұрғынының 16-қабаттан секіріп кеткендігі жайлы ақпарат тараған болатын. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметі аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (өзін өзі өлтіруге жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етілмейді.


Жоғары қарай