Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семей әскери госпиталінің бастығы ұсталды

2021 жылдың 29 мамыр 2021 16:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Семей әскери госпиталінің бастығы Дулат Құрметов ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 29 мамырында құқық қорғау органдары Семей қаласындағы әскери госпиталдің бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Дулат Құрметовті ұстады. Басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдиновтың ұсталғаны хабарланған еді.



Жоғары қарай