Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Селден зардап шеккен Елтай ауылының әрбір тұрғынына 50 мың теңгеден берілді

2020 жылдың 29 мамыр 2020 16:42

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент іргесіндегі селден зардап шеккен ауыл тұрғындарына Болат Өтемұратовтың қорынан 50 мың теңгеден бөлінді. Атап айтқанда, тасқын су шайған Елтай ауылындағы 91 отбасы мүшелеріне қор атынан 26 млн 500 мың теңге берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған. Департамент қызметкерлері тасқыннан зардап шеккен елді мекендегі жағдайды бағалап, үйлерін су шайған отбасыларды анықтаған болатын.

Қазақстанның Қызыл Жарты айы қоғамдық қорының өкілдері Елтай ауылының 530 тұрғынына 50 мың теңгеден беріп, ақша салынған банк карталарын табыстады. Қаладағы карантиндік шараларды ескере отырып және адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін көмек карталары зардап шеккен отбасыларға аулаларды аралау әдісімен жеке қолға берілді. Бөлінген қаражат адамдарға өз мүліктерін ішінара қалпына келтіруге, сел тасқыны кезінде бүлінген заттарды ауыстыруға жұмсалмақ. Сондай-ақ, тұрғын үйді жөндеу үшін құрылыс материалдарын сатып алуға және қажетті өнімдер мен тауарларды сатып алуға жаратылмақ.


Жоғары қарай