Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 23 тамыз 2021 18:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 24 тамызда 37-39 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 38 градус қатты ыстық болады.Өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының жағалауында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

Павлодар облысының батысында найзағай жарқылдап, солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік бағытқа ауысады,а екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші облыстың орталығында 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 23-25 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай