Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сайрамда жыл соңына дейін 1,4 млрд теңгенің 5 жобасы жүзеге асады

2020 жылдың 28 қараша 2020 18:51

САЙРАМ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сайрам ауданында биылғы жылдың 10 айында негізгі капиталға 24,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан басшысының айтуынша, ауданда өнеркәсіп саласында 24,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 12,4% құраған.

«Өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында» Сайрам ауданында соңғы бес жылдықта құны 11,6 млрд теңгелік 12 жоба іске қосылып, нәтижесінде 610 жұмыс орны ашылған болатын. Ал биыл жыл соңына дейін Индустрияландыру картасы аясында 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын 1,4 млрд теңгеге 5 жобаның іске қосылады»,- деді Ұласбек Сәдібеков.

Ауданда жылдық қуаты 15 тонналық «AYKAN» ЖШС сүт өңдейтін зауыт құрылысы, жылына 20 мың тонна өнім өндіретін «Көктал групп» ЖШС темір-бетон бұйымын өндіру зауыты мен «ELIT STRОY M&A» ЖШС тауарлы бетон мен асфальт-бетон қоспасын өндіретін зауытының құрылысы басталмақ.

Облыс әкімінің «Израиль технологиясын енгізу» тапсырмасына сәйкес, ауданда тамшылатып суғару әдісі 87 үй іргелік шаруашылықта іске қосылған.

«Аудан экономикасының басты драйвері – ауыл шаруашылығында 73,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 3,3% құрады. Ауданымыздың үлесі облыс көлемінде 11,6%-ды құрап, 2-орынды иемденіп отыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында аудандағы егіс көлемі - 52 047 гектарға, қарқынды бау көлемі - 455 гектарға жетті. Жылыжай көлемі 7,1 га жерге салынып, жалпы көлемі 45,9 гектарды құрады. Бүгінгі күнге жылыжайлардың 1 айналымынан жалпы 3,9 мың тонна өнім өндірілген», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.








Жоғары қарай