Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сайрам ауданында қосымша инфекциялық стационар салынады

2020 жылдың 27 қараша 2020 10:48

АҚСУКЕНТ. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында Түркістан облысы Сайрам ауданында қосымша 100 төсек-орындық инфекциялық стационар салынады. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жүзеге асатын жобаның жер телімі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ауданға сапары барысында облыс әкімі Сайрам аудандық орталық ауруханасының індеттің екінші толқынына дайындық барысын бақылады.

Медициналық мекеменің 7 бөлімшесінде күрделі жөндеу жүргізілген. Емдеу мекемесі 134 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді.

«Індеттің белең алу қаупі барын біле, әр адам жауапкершілігін түсінген дұрыс. Вирустың екінші толқынына төтеп беру үшін облыс аумағында жұмыстар күшейтілді. Медицина қызметкелері қорғаныш құралдарымен және залалсыздандыру заттары және дәрі-дәрмек қорымен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Ал аудандық ауруханаларда жүріп жатқан күрделі жөндеудің сапасы қатаң бақылауда болсын»,-деді облыс әкімі.




Бүгінде ауруханада 40 орынға есептелген инфекциялық бөлім жасақталған. Сондай-ақ, COVID-19 диагностикалық медициналық құрал-жабдықтар толық жинақталған.

Амбулаторлық-емханалық ұйымдарда 28 мобильді топ құрылып, 4500-ден астам науқасты емдеген.

Емдеу мекемесі ӨЖЖ аппараттары және оттегі концентраторымен қамтамасыз етілген.

Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Ақсукент ауылдық округіндегі медициналық маска шығаратын «S Medical» ЖШС жұмысымен танысты.

Таяуда ашылған өндіріс орнында тәулігіне 80 мың, айына 2 млн дана медициналық маска шығарылуда.





















Жоғары қарай