Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сайрам ауданында ауыл әкімдігінің кеңсесі «Адалдық алаңына» айналды

2020 жылдың 23 қараша 2020 02:00

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылының әкімі жұмыс кабинетін ақсақалдар кеңесіне тапсырды.

Өзі ғимараттың бірінші қабатындағы азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдайтын мамандармен бірге бір кабинетке жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүйелі түрде жолға қойған ауыл әкімі М.Нажиевтің айтуынша, тұрғындармен байланысудың бұл әдісі – «Адалдық алаңы» ретінде жемқорлықтың орын алуына жол бермейді. Тұғындар мұнда ҚР Электронды үкімет қызметін пайдалана алады. Арыз-шағым мен ұсыныс-тілектерді сондағы мамандар қарайды. Әрі ауыл әкімі қоластындағы қызметкерлердің халықпен етене жақын араласып, тәжірибе алмасуына тиімді болмақ. Бұл үрдісті Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков басқа ауыл округтеріне азаматтық қоғамды дамытудың үлгісі ретінде атап өтті.

«Әр ауыл округінің әкімі Қарамұрттағы әдіспен жұмыс істеп, ел ішіндегі өзекті мәселердің шешімін табуға жұмылуы қажет. Ауыл әкімдері қызметкерлерінің ортасында жүріп, кез келген ауыл тұрғыны еркін сөйлесе алатындай жағдай жасаса, нағыз «Ашық әкімдікке» айналады», - деді аудан басшысы.








Жоғары қарай