Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Сайлау туралы жаңа заң белсенді жастар санын арттыруға ықпал етеді - Айдос Сарым

2020 жылдың 25 мамыр 2020 18:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі саясатанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым ҚР Сайлау туралы жаңа заң туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қабылданған жаңа заң - ҚР Президенті айтқан бірінші саяси реформалар пакетінің бөлігі. Бұл жағдайда заң жас депутаттардың санын арттырып, гендерлік құрамға ықпал етеді. Бізде Мәжіліс пен Сенаттан бастап, облыстық, аудандық мәслихаттарға дейін ерлер саны басым. Жаңа заңға сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісіне, қалалық мәслихаттарға жаңа сайлауға үміткерлер партиялық тізім бойынша қатысады. Қазір елімізде айтарлықтай қызықты процестер жүріп жатқанын түсіну керек. Бұл - саяси өмірге қатысқысы келетін барлық адамға мүмкіндік. Ұсынылып отырған шешім де жаман емес», - деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, қазір жастар белсенділік танытуы қажет.

«Жастар белсенді қатыспаған нормалардың берері аз. Бұл - қолданып қалуға тұрарлық үлкен мүмкіндік. Қазір белсенді болу керек. Егер қоғамда беделі бар, танымал тұлға болсаң, партиялардың өзі-ақ бірлесіп жұмыс істеуді ұсынады. Қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, осы нарықты жаулап алу қажет», - деп кеңес берді Айдос Сарым.


Жоғары қарай