Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сайлау: ОСК «Ақ жол» партиялық тізімін тіркеді

2020 жылдың 4 желтоқсан 2020 16:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына «Ақ жол» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, «Ақ жол» партиясының партиялық тізімінде 38 адам бар.

«Оның 14-і әйел және 29 жасқа толмаған адамдар. Яғни бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 36,8 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді А. Смағұлов.

Осыған байланысты ҚР ОСК мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Ақ жол» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады.


Жоғары қарай