Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сайлау-2021: Электоралдық оқуға 70 мыңнан астам адам қатысады

2020 жылдың 29 қазан 2020 18:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшесі электоралды оқытудан өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының ұсынымымен каскадты модель бойынша төмен тұрған комиссияларды оқытуды көздейтін жоспар құрылған.

«Мұндай модель Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көптеген елдерінде қолданылады. ҚР Орталық сайлау комиссиясының тапсырысымен кәсіби негізде әзірленген оқу-әдістемелік материалдар оқытудың әдістемелік базасына негіз болды, олар ОСК сайтына орналастырылды. ОСК электрондық сертификаттарын беруге және сайлау комиссияларының мүшелеріне әзірленген қашықтан оқыту мен тестілеу жүйесін пайдалануға ерекше назар аударылды. ҚР Сайлау жүйесі учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшесін қамтиды. Қашықтықтан оқыту форматы 2018 жылы оқытудың жеке бағыты ретінде қабылданған», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С. Мұстафина комиссияда өткен отырыста.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пандемия кезеңінде қашықтан оқытудың маңыздылығын атап өтті.

«Сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын электоралды оқыту – сайлау процесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады. Сайлау процесіне қатысушыларды қашықтан оқытудың дамыған және енгізілген жүйесі пандемия жағдайында белсенді қолданылады», - деді Берік Имашев.


Жоғары қарай