Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сәуірге қарай Pfizer-дің тағы 1 млн дозасын сатып аламыз –Ералы Тоғжанов

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Pfizer вакцинасының қолжетімділігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, Pfizer қазір қолжетімді. 4 млн дозадан астам Pfizer екпесін сатып алдық. Қазір вакцинаның бұл түрі қолжетімді адамдардың нақты санаты бар. Олар:12-12жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажеттігін ескерсек, 60-тан асқан адамдарға да мүмкіндік бердік. Бұл ел халқының 1 миллионнан астам адамы деген сөз. Сондықтан Pfizer қолжетімділігі нақты бар. Басқа да вакцина түрлері бар екенін ешкім ұмытпау керек. Екпенің қолжетімділігі туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұдан басқа қосымша 1 млн доза сатып аламыз», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол аталмыш вакцинаны ақлы сегментке шығару мүмкіндігіне тоқталды.

«Ақылы Pfizer вакцинасы туралы мәселе ылғи көтеріліп жүр. Бірнеше рет жауап бердік деп ойлаймын. Pfizer-ді ақылы сатпау туралы шешім қабылданған. Сондықтан Pfizer вакцинасы нақты санаттар үшін қазір қолжетімді

60-тан асқандарға бөлеміз дедік қой. Соның орнын толтыру үшін сәуір айына қарай тағы 1 млн дозасын алғызамыз», - деді Ералы Тоғжанов.


Жоғары қарай