Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Сәуір айында көктемгі егіс жұмыстарына 138 мың тонна дизель отыны бөлінді

2020 жылдың 16 сәуір 2020 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы операторлары көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген дизель отынының айлық көлемінің 19,4 пайызын игерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 390 мың тонна дизель отынын бөлу жоспарланғаны белгілі. Ақпан-наурыз айларында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тиісінше 10,3 және 103 мың тонна бөлінген. Осылайша, Ақмола облысы наурыз айына жоспардың 67%-ын, 14 сәуірдегі жағдай бойынша 7%-ын алған. Бұл ретте дизель отынының жоспарланған барлық көлемі қолда барын атап өту керек. Ол жергілікті атқарушы органдар белгілеген ауыл шаруашылығы операторларының өтінімдері бойынша жіберіледі.

«2020 жылдың сәуір айында 138 мың тонна дизель отынын бөлу жоспарланған. Алайда бүгінгі күнге тек 27 мың тонна жөнелтілді. Бұл айлық көлемнің 19,4% құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Энергетика министрлігі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізуге қатысатын негізгі ресурс ұстаушылармен кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша 2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының ұсынылатын бағасы 1 тоннасы үшін 194,0 мың теңгеден (161 теңге/литр) 1 тоннасы үшін 174,0 мың теңгеге (144 теңге/литр) (ҚҚС қоса алғанда және FCA-тиеу станциясы шарттарында) дейін 1 сәуірден бастап төмендетілді», - деп хабарлайды министрліктен.

Сәуірде дизель отынының жеткізілуін, сақталуы және оператордың маржасын ескере отырып, баға 1 литр үшін 165 теңгені құрайтын болады.


Жоғары қарай