Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сауд Арабиясының мұнай объектісіне зымыранмен шабуыл жасалды

2020 жылдың 24 қараша 2020 23:50

ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат –Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы мұнай тарату станциясына хусит бүлікшілерінің зымыраны соққы берді. Алайда жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al Jazeera-ға сілтеме жасап.

Saudi Aramco компаниясы өкілінің сейсенбідегі мәлімдемесіне сәйкес, шабуыл зауытта сақталған барлық отынның шамамен 10% -ын жоғалтты, ал ол сақталған резервуар қазір істен шыққан.

Мұнай станциясына жасалған шабуылды бір күн бұрын Сауд Арабиясының билігі растап, оны «снарядпен жасалған террористік шабуыл» деп мәлімдеді.

Зымыран шабуылынан кейін шыққан өрт 40 минут ішінде сөндірілді. Одан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Шабуылды Йемендік хусит бүлікшілер тобы жасағаны және шабуылдан кейінгі мәлімдемесінде жауапкершілікті өз мойнына алғандығы хабарланды. Зымыран шабуылы туралы жариялай отырып, хуситтің әскери өкілі Яхья Сари «операциялар жалғасады» деп ескертті. Оның айтуынша, шабуыл Сауд Арабиясы бастаған Йемендегі коалицияның әрекеттеріне жауап ретінде жасалған. Ол сондай-ақ «Солтүстік Джидда зауыты - Saudi Aramco» деген жазуы бар суретті жариялады.

Джидда – Сауд Арабиясының екінші үлкен қаласы және «экономикалық» астанасы, Мекке мен Мединаға баратын қажылар жиналатын орын. Джиддада Қазақстанның Бас консулдығы орналасқан.


Басты сөздер: Таяу Шығыстағы ахуал, Әлем,
Жоғары қарай