Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Сауалнаманы дұрыс толтырмау қасақана ауру жұқтырумен тең - Елжан Біртанов

2020 жылдың 24 наурыз 2020 22:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауалнаманы дұрыс толтырмау қасақана ауру жұқтырумен тең. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантиннен жалтаратын адамдар жоқ десек те болады. Ертеректе келген борттар бар және біз пациенттер жүгінген кезде келушілердің арасынан да вирус жұқтырғандарын анықтаймыз. Олар міндетті түрде оқшаулау режімі енгізілгенге дейін келген борттар. Мұндай жағдайда ол адамдарды іздеуді жалғастырамыз. Міндетті түрде бір тәулікке оқшаулау барлығын есепке алуға мүмкіндік береді. Одан кейін оларды іздеуде проблема болмайды. Сондықтан да бүгінгі күні байланыста болғандардың 95 пайызы оқшауланған және бақылауымызда тұр»,- деді министр ведомствоның Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода.

Оның атап өтуінше, адамдар ауру белгілерімен жүгінген кезде дәрігер одан міндетті түрде шетелге барған-бармағанын сұрайды. Сондай-ақ ол елімізге келушілердің сауалнама толтыруы міндетті екендігін баса айтты.

«Жалтару, нақтырақ айтсақ, сауалнаманы дұрыс толтырмау - карантиннен жалтарумен тең. Мұндай тұлғалар айыппұл немесе тіпті тұтқынға алу арқылы жазалануы мүмкін. Егер адам ауру болса және мұндай тәуекелді біле тұра сауалнаманы дұрыс толтырмаса немесе карантиннен жалтарса, онда бұл қасақана ауру жұқтыру болып саналады және қылмыстық қудалауға ұшырайды», - деді Елжан Біртанов.


Жоғары қарай