Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сатыбалды Дәулеталин: Еңбек адамының рөлін түсіну – өзекті мәселе

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 21:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Праймериз – біз үшін үкіметтің құрамына жұмысшылардың мүдделерін қорғайтын адамдарды ұсынудың сенімді әдісі. ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушылармен онлайн-кездесуде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашығын айту керек, бүгінде қарапайым адамның, атап айтқанда нақты өндіріспен байланысты жұмысшының бейнесі қоршаған әлемді тану жүйесіне құндылық ретінде кірмейді. Өкінішке қарай, ол назар аударуға лайықты тақырып болып саналмайды. Еңбек адамының рөлін түсінуге арналған күн тәртібі – философиялық қана емес, тәжірибелік, экономикалық өзекті мәселе. Біздің қоғамда тек еңбек адамы ғана модернизацияланған және заманауи әдісті енгізе алады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өз Жолдауында күнделікті өмірдегі жұмыстың қаншалықты маңызды екені туралы айтты», - дейді Сатыбалды Дәулеталин.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының айтуынша, кәсіподақ белсенділерінің праймеризіне қатысу арқылы бір партияның сайлаушыларының назарын ең маңызды қозғаушы күш – еңбек адамына, оған қатысты өзекті мәселелерге және оны шешу жолдарына аудару өте маңызды. Бұған дейін айтылғандай, праймеризге кәсіподақтың 2700-ден астам мүшесі қатысуда.

«Бұл Кәсіподақтардың сайлауға тікелей қатысуға ниетті екенін көрсетеді. Праймеризге қатысу арқылы біз қоғаммен, оның ішінде үкіметпен тікелей және тең диалог үшін ерекше мүмкіндік аламыз. Праймериз – біз үшін үкіметтің құрамына жұмысшылардың мүдделерін қорғайтын адамдарды ұсынудың сенімді әдісі. Кәсіподақтар федерациясы саяси ұйым емес, бірақ біз саяси салаға белсенді қатысқысы келетін кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсетеміз. Біз өзімізді саяси күрестің құралы ретінде емес, билік пен жұмыс берушілердің сындарлы серіктестері ретінде қарастырамыз», - дейді ол.

Ол партияішілік праймеризге қатысу – жауапты адамдардың жауапкершілігі мол қадамы екенін айтты.

«Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер туралы айтқан кезде оның шешу жолдарын да ұсыну керектігімізді ұмытпауымыз керек. Осы жағдайда біз ұсынған бағдарлама қызықты және қажетті болады. Кәсіподақтық қозғалыстың ерекшелігі – мәселе көтеріп қана қоймай, оның шешу жолын да ұсынатындығымызд», - дейді Сатыбалды Дәулеталин.


Жоғары қарай