Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сәтбаевта музыкалық аспап жасайтын цех ашылды

2020 жылдың 22 қазан 2020 04:18

СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Сәтбаев қаласының тұрғыны Әбілқасым Байбұланов өзінің хоббиін табыс көзіне айналдырды. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен грант жеңіп алып, ұлттық музыкалық аспаптар дайындау цехын ашты.

Шебер қобыз бен домбыра адамның сезімі мен ой өрісінің барлық қыр-сырын жеткізе алатынына сенімді. Әбілқасым студенттік жылдардан бері музыкалық аспап жасауға қызығушылық танытып келеді.

«Алғашқы клиенттер өз балаларым мен туыстарым болды. Мен қызыма арналған алғашқы домбырамды ағаштан жасап, содан кейін кәдесый, ұлттық нақыштағы ыдыс-аяқ жасап, туыстарыма сыйға тарттым», - деп еске алады шебер.

Институтты бітірген соң Әбілқасым жұбайымен бірге Сәтбаевқа жіберіліп, ол жерде 20 жылдан астам шахтада геолог болып жұмыс істеді.

«Осы жылдар ішінде мен хоббиім туралы ұмытқан жоқпын, өзіме, туыстарыма және тапсырыс бойынша құралдар жасадым. Осы жылдар ішінде шахтерлік еңбек денсаулығыма әсер етті, сондықтан жұбайыммен ақылдаса отырып, ұлттық нақыштағы домбыра, қобыз, кәдесый және ағаш ыдыс жасаайтын цех ашуды ұйғардым», - дейді шебер.

2018 жылы «Атамұра» жеке кәсіпкерлігі тіркеліп, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант конкурсына қатысқан. Оның қаражатына ағаш өңдеу және тегістеу машинасын, жұмыс құралдары мен керек-жарақты сатып алған.

«Қобыз үшін мен әдетте арша, үйеңкі, қарағай немесе қайыңның діңін қолданамын. Домбыраға қатты ағаштар - Африка елдерінде өсетін үйеңкі, қарағай немесе қара ағаш қажет. Әр домбыраны мақсатына (ән немесе күй үшін), кәсіби немесе әуесқойлық бағытына қарай әртүрлі етіп жасаймын. Үйеңкінің үні айқынырақ болса, қайың немесе балқарағай жылылық береді. Мен ағашты таңдауға мұқият қараймын, себебі дыбыстың тазалығы соған байланысты болады», - деп түсіндіреді Әбілқасым.

Бүгінгі таңда шеберханада екі адам жұмыс істейді және ай сайын төрт домбыра мен бір қобыз қолмен жасалады.

«Біз цехымызды кеңейтіп, Қарағанды облысының музыкалық мектептерін өз аспаптарымызбен қамтамасыз еткіміз келеді», - деді кәсіпкердің жұбайы Назым Байбұланова.

Айта кету керек, «Атамұра» жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласында өтетін отандық тауар өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM көрмесіне қатысады.


Жоғары қарай