«Сарыөзек – Көктал» бағытындағы жол жабылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі барлық көліктер үшін жабылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«16 мамыр күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін республикалық маңызы бар аталған автожол учаскесі (45-86 км) автотранспорттың барлық түрлері үшін жабылды.
«Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, «Сарыөзек – Көктал» жолында жарылыс жұмыстары жүргізіледі»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды сұрайды.
«Сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға кеңес береді. Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.