Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сарыағашта жұмысқа тұрғызамын деп 3 адамнан млн теңге алған алаяқ ұсталды

2020 жылдың 11 тамыз 2020 03:39

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат –Сарыағаш ауданында адамдарды жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ ұсталды. Күдікті оңай жолмен ақша тауып, жәбірленушілерге миллион теңгеден аса шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтықтың құрбаны болған жергілікті тұрғындар Сарыағаш АПБ-не арызданған. Жәбірленушілер күдікті ер адамның оларды жұмысқа орналастырып беремін деп бірінен 250 мың, екіншісінен 400 мың теңге алғанын хабарлаған. Ал, үшінші тұрғын 700 мың теңгесін сеніп берген екен. Алайда, ақшаны алып алған күдікті хабарсыз кеткен. Ауданның полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, осы қылмысқа қатысы бар деген жергілікті тұрғында қолға түсірген. Жұмыссыз жүрген күдіктіге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған.

«Бүгінде аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары «Алаяқтық» бабымен жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын толық тексеріп, күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде» делінген хабарламада.


Жоғары қарай