Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Сарыағашта адасып кеткен 4 жасар қыз табылды

2020 жылдың 21 мамыр 2020 09:29

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері адасып қалған төрт жасар қызды әкесімен табыстырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

19 мамыр сағат шамамен 17:00 шамасында Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне Сарыағаш қаласындағы орталық көшелердің бірінде кішкентай қыздың жол бойында жылап тұрғаны жайында хабарлама келіп түсті. Мекенжайға Сарыағаш аудандық ювеналды полиция қызметкерлері жетті. Қыздан өзі жайлы толық мән-жайды сұрастырады. Нәтижесінде оның төрт жаста екенін ғана біле алады.

Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық көшелер мен үйлерді аралап, көршілер мен өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырды. 2-3 сағатқа созылған іздестіру шаралары нәтижесінде кішкентай қыздың мекенжайы анықталды. Белгілі болғандай төрт жасар қыз әжесінің үйіне қыдырып келіп, ойнап жүріп, ауладан шығып кеткен. Әжесінің үйінен 200-300 метр қашықтыққа кетіп қалған. Үй ішіндегілер бүлдіршінді өз бетімен іздеуге кіріскен.

Қыздың әкесі Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің полицейлеріне жоғалған қызын табуға көмектескені үшін шынайы ризашылығын білдірді.


Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай