Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарыағаш тұрғыны 11 адамды қаржы пирамидасына тартып, 3,5 млн теңгесін қолды қылған

2020 жылдың 2 шілде 2020 10:01

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы полицейлері тұрғындарды алдап, қаржы пирамидасына ақша салдырған алаяқты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарыағаш АПБ кезекші бөліміне 10-нан астам жергілікті тұрғын алаяқтық бойынша арыз түсірген. Олардың айтуынша, өткен жылдың наурыз-мамыр айларында жақсы таныс емес әйел сеніміне кіріп, «бонустық жобаға тіркеп беремін, қосымша табыс табасыздар» деп көндірген. Сөйтіп қаржы пирамидаларының біріне ақша салдырып, соңында жоқ болып кеткен.

Бір жыл бойы сандалған тұрғындар осы іс бойынша аудандық поицейлерден көмек сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Қылмысты ашып, тұрғындарды сан соқтырған әйелді ұстау мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың 11 алаяқтық дерегіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 3,5 миллион теңгеге жуықтайды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қолхатпен босатылған.


Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға, Заң,
Жоғары қарай