Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сарыағаш тұрғындарына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді

2020 жылдың 11 наурыз 2020 21:08

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ауыл тұрғындарына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жан-жақты түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дербісек ауылдық округінде өткен кеңесте жергілікті халыққа бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қаржылай мүмкіндіктерді арттыру мәселелері айтылды.

Семинар барысында ауыл шаруашылығы саласындағы тамшылатып суғару мамандығы бойынша үй бақшасында субтропикалық дақыл өсіру, көшет өндіру кәсібін бастау үшін азаматтардың білімін жетілдіру жайы қамтылды.

«Сарыағаш - жер сыйы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Т.Шынтасов пен аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары және облыстық кәсіпкерлер палатасы Сарыағаш аудандық филиалының директоры А.Мұсабеков қатысушыларға бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылар қойған сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалып, заң аясында толыққанды жауап берілді. Мемлекеттік бағдарламаның тұрғындарға тигізер пайдасы мен тиімді тұстары баяндалды. Бағдарлама арқылы табысқа қол жеткізудің жолдары тарқатылды.


Жоғары қарай