Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарыағаш пен түлкібастық кәсіпкерлер ауруханаларға тыныс алу құралдарын табыстады

2020 жылдың 17 қазан 2020 02:25

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Сарыағаш пен Түлкібас аудандарындағы аурханаларға ондаған тыныс алу құралдары табысталды. Облыстық мәслихаттың депутаты Алмас Салимовтың ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданының орталық ауруханасына 5дана оттегі концентраторын сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін аталған аудандық орталық ауруханаға демеушілердің көмегімен 30 оттегі концентраторы табысталған болатын. Ал, түлкібастық кәсіпкер Бейбіт Тулешев «Nur Otan» партиясының іске асырып жатқан «Өмір» және «Шипа» жобалары аясында орталық ауруханаға екі жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті.

Сондай-ақ, жеке алма бауының бір күндік терілген өнімін аурухана қызметкерлеріне мен ем қабылдап жатқан науқастарға таратты.

Айта кетерлігі, пандемия кезінде түлкібастық еріктілер оттегі коцентраторының 42 данасы мен 360 дана арнайы медициналық қорғаныш киімін, 210 дана оттегі балоны мен 5 дана кір жуу машинасын, 22 пулсоксиметр мен кварц лампаларын табыстаған болатын.

Жоғары қарай