Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Сарыағаш ауданында жылына үш рет өнім алу жобасы қарқынды жүріп жатыр

2020 жылдың 3 маусым 2020 14:58

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жылына үш рет өнім алу жобасы бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Мұхит Отаршиев облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен бейнебайланыс режимінде өткен мәжілісте атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасаған Мұхит Отаршиев 92 шаруа қожалығының 910 га егістік жерінен жылына 2-3 өнім алу жоспарын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмстар туралы баяндады.

«Бүгінгі таңға 36704 тонна картоп, орамжапырақ, қызанақ, қияр жинап алынды. Шаруаларымыздың қажырлы еңбегінің арқасында аудан облыс көлемінде бірнеше рет өнім алу жобасын іске асыруда көш бастады. Ендігі кезекте 379 шаруа қожалық иелері 860 га жерге 2-ші өнім егу жұмыстарын жүргізсе, ал қалған шаруа қожалықтар екінші өнімді егу жұмыстарына қызу дайындық жасауда. Жоба аясында жұмыс жүргізуге жалпы 399 шаруа қожалығы ниет білдіріп, егіс көлемі 917,6 га болатын инновациялық жобалар іске асырылуда»,- деді Мұхит Отаршиев.





Аудан әкімі сонымен қатар, үй іргелік жерлерге тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы өнім алу жобасы да сәтті іске асырылып жатқанын айтып өтті.

«Аталған жобаға Дербісек және Жемісті ауылдық округтеріне қарасты ағын суы жоқ елдімекендердің атаулы әлеуметтік көмек алған, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелері қатысып отыр. Олар өздерінің бизнес жобаларын ұсынған. Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан 555 мың теңге көлемінде қаржылай грант бөлінген. Тамшылатып суару арқылы өнім алудың тиімділігі су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндк береді»,- деді Мұхит Отаршиев.














Жоғары қарай