Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сарыағаш аудандық ауруханасына 10 дана оттегі концентраты табысталды

2020 жылдың 15 тамыз 2020 06:14

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында қауіпті індеттің таралмауы үшін жүйелі жұмыстар қолға алынған. Жібек жолы жастарының ұйымдастыруымен кеше ауданның орталық ауруханасына 10 дана оттегі концентраторы табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыла қоғамдық қорының демеушілігімен алынған тыныс алу аппараттары коронавирус індетіне шалдыққан азаматтардың өмірін сақтап қалуға және тезірек сауығып кетуіне септігін тигізбек.

Айта кетсек, бұған дейін демеуші азаматтардың көмегімен 100 төсек орын, 60 дана оттегі балоны, 15 дана оттегі концентраторы, ЭКГ аппараты, 20-тонометр, 29- пульсоксиметр аудандық орталық ауруханаға жеткізілген болатын.


Жоғары қарай